Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қапшағай маңында жер сілкінді
Алматы облысында үшінші жер сілкінісі тіркелді.
11:46 18.08.2019
ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ 18 тамызда Алматы уақытымен 09 сағат 12 минут 13 секундта жер сілкінісін тіркеді.
18 тамызда 09:12-де ҚР БҒМ "СТӘЭ" ММ сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан 78 шақырым жерде Алматы облысындағы Қапшағай қаласының маңында болған. Жер сілкінісінің энергетикалық классы - 9,6. MPV магнитудасы - 4,9. Тереңдігі 20 шақырым.Сезілгені туралы мәлімет (МSК-64 шкаласы бойынша): Қапшағайда 2-3 балл.
Айта кетейік, осығандейін Алматы облысында 2 рет жер сілкінді. Жер асты дүмпулері Жаркентте 4-5 балл, Талдықорған - 2-3 балл, сондай-ақ Кеген ауданындағы Саты ауылында - 2-3 балл сезілген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram