{metadescription}
Әйел қызғаныштан жігітін пышақтап өлтірген

Әйел қызғаныштан жігітін пышақтап өлтірген

Ақтаулық келіншек қызғаныштан өз жігітін пышақтап өлтірді. 

Оқиға 26 мамырда сотталушының үйінде болған, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі. Ортақ таныс келіншектен қызғанған әйел өз жігітін асхана пышағымен жарақаттаған. Ер адам облыстық аурухананың жансақтау бөліміне түскен. Келесі күні ол қайтыс болған. 

Сот үкімімен әйел Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (ҚР ҚК) 106-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Оған қылмыстық-атқару жүйесінің (ҚАЖ) орташа қауіпсіз мекемелерінде сегіз жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Дереккөз: sn.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде