{metadescription}
Тянь-Шань тауында жоғалған альпинистер әлі іздестіріліп жатыр

Тянь-Шань тауында жоғалған альпинистер әлі іздестіріліп жатыр

Мұрат Өтепбаев, Александр Чечулин мен Андрей Корнеев қырғыз жақтағы биіктігі 7 мың метрден асатын Жеңіс шыңын бағындыруға аттанған.

Алайда, кері жолда боран соғып, қар көшкіні жүріпті. Оқыс оқиғада альпинистердің бірі қаза тапқан. Десе де, екеуі тірі деген болжам бар. Жоғалғандарды іздеумен Эверестті бағындырған тұңғыш қазақ Мақсұт Жұмаев бастаған альпинистер тобы мен Қорғаныс министрлігінің арнайы жасағы айналысып жатыр.

Қырғызстанның бас айналдырар биіктігін бағындыруға кеткен жерлестеріміз соңғы мәрте бес күн бұрын байланысқа шығыпты. Қар көшкіні астында қалып қойған альпинистер сүйектен өткен суықта жолдастары Александр Чечулиннің қайтыс болғанын хабарлаған. Содан өздері де іс-түссіз жоғалды.

Ізім-қайым кеткен жерлестерімізді бірінші боп қырғыз жақ іздеп таппақ болған. Алайда, қар құрсауындағы жоталардан бірде-бір тіршілік белгісі білінбепті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.