{metadescription}
25 адам біреудің атынан магистратура емтиханын тапсырмақ болған

25 адам біреудің атынан магистратура емтиханын тапсырмақ болған

Биыл магистратураға тапсырған үміткерлер арасында емтиханда өз орнына басқа біреуді кіргізбек болғандар бар.

Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры міндетін атқарушы Дидар Смағұлов айтты. Жоғары оқу орнын әрі қарай жалғастыру үшін магистрантураға тапсыратындардың кешенді тестілеуі 10-15 тамыз аралығында өткен. Магистратураға түсу үшін кешенді тестілеу 27 пунктте өткен.

«Жалпы, кешенді тестілеуге қатысу үшін 30579 өтініш қабылданды. Оның ішіндетестілеуге 28131 адам келді. Бұл өтініш берген түсушілердің жалпы санының 92%-ын құрайды. Оның ішінде қазақ тілінде - 16786 адам, орыс тілінде - 10729 адам, ағылшын тілінде-208 адам. Кешенді тестілеу кезінде 217 аудитория пайдаланылды. Барлық аудиториялар ұялы байланыс құралдарының сигналдарын басу және бейнебақылау құрылғыларымен қамтамасыз етілді», - дейді Ұлттық тестілеу орталығының директоры міндетін атқарушы.

Қазақстанда 25 адам біреудің атынан магистратура емтиханын тапсырмақшы болған.  Смағұловтың айтуынша, биыл 10-15 тамыз аралығында еліміздің 27 пунктінде магистратураға тапсыру емтихандары өткен. Емтиханға қатысуға 30 579 өтініш келіп түскен, олардың 28 131-і ғана тестілеуден өткен. Сондай-ақ,  ол тестілеу кезінде емтихан ережелерін бұзған 1021 адамның аудиториядан шығарылғанын айтты.

«25 адам біреудің атынан магистратура емтиханын тапсырмақшы болған, олар тестілеуге кіргізілген жоқ. Нәтижелері жойылды. Емтиханға кіру кезінде 20 497 смартфон мен электронды құрылғылар алынып, 498 шпаргалка, 373 калькулятор мен тағы басқа құрылғылар алынды», - деді Смағұлов. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.