{metadescription}
Шенеунік зейнетақы алу үшін жасын 34 жылға ұлғайтқан

Шенеунік зейнетақы алу үшін жасын 34 жылға ұлғайтқан

Дағыстандағы Кулецма ауылы басшысының орынбасары зейнетақы алу үшін жасын ұлғайтып алған.

1989 жылы дүниеге келген ер адам зейнетақы алу үшін төлқұжаттағы деректерін өзгерткен. Полиция мәліметіне сүйенсек, 30 жастағы ер адам 34 жасқа «қартайып», 1985-1996 жылдары ұжымдық шаруашылықта істеді деп жазылған жалған еңбек кітапшасын сатып алады.

2018 жылдың ақпанында ер адам зейнетақы қорының аудандық бөлімшесіне жасына байланысты зейнетке шығу өтінішін жазады. Содан кейін оған 2018 жылдың наурызынан бастап 2019 жылдың шілдесіне дейін 155 мың рубльден астам (911500 теңгеден астам) зейнетақы аударылған.

Ер адамға қатысты алаяқтық туралы қылмыстық іс қозғалды. Жалған құжат берген орган қызметкерлеріне қызметтік өкілетін асыра пайдалану және қызмет бабында жалған құжат жасау бойынша айып тағылды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде