{metadescription}
Оралда 17 жасар жасөспірім көлікке мініп, өртеп жіберген

Оралда 17 жасар жасөспірім көлікке мініп, өртеп жіберген

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 21 тамызға қараған түнде болған.

2002 жылғы жасөспірім Орал қаласының 27 жасар тұрғынына тиесілі «ВАЗ-2109» маркалы автокөлігін айдап кеткен. Жәбірленуші автокөлігін ауладағы тұраққа қойып, ішіне 150 мың теңгесін қалдырып кеткен.

Ұры қылмыстың ізін жасыру үшін көлікті бөлшектеп, өртеп жіберген. Көлік Хан тоғайы ауданынан өртенген күйінде табылды. Ұсталған күдіктіден айғақ заттар (кілттер жиынтығы, медициналық көмек кітабы, доңғалақтар) тәркіленді.

Абай полиция бөлімі ҚР ҚК 200-бабы 1-бөлігіне сәйкес (көлік айдап кету) сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде