{metadescription}
Түркістан облысында әкесі 3 жасар қызын зорлап, өлтіріп тастаған

Түркістан облысында әкесі 3 жасар қызын зорлап, өлтіріп тастаған

Түркістан облысының қылмыстық істер бойынша ауданаралық сотында 47 жастағы азаматқа қатысты іс қаралып жатыр.

Оқыс оқиға 6 қазан күні Ордабасы ауданының Боржар округындағы жазғы жайылымда болған. Ішімдікке сылқия тойып алған 41 жастағы азамат 3 жасар қызын зорлап, 98 рет пышақ сұғып өлтірген. Артынша ұйқыға кеткен. Қорыққан қыздың анасы ештеңе істей алмадым дейді. Ол бірден туыстарына хабарласып, құқық қорғаушыларды жіберуді сұрады. Сол түні келген полиция жауыз әкені қамауға алды.

Тергеу кезінде қандықол қылмыскер екі рет арнайы медициналық-психиатриялық сараптамадан өтті. Кешенді сараптама оның дені сау және ешқандай ауытқуы жоқ екенін растады. Өз әрекеті үшін жауап бере алады. Ал күдікті Серік Р. қатты мас болдым, есімді білмедім деп ақталды.

Қазіргі таңда қылмыскердің үстінен ҚК 120- бабы, 4-бөлімі және 99-бабының бірнеше бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойғы бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылуда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде