Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Камера үйдің ішінде қозғалған белгісіз бейнені түсіріп алған
Джоуи Нолан әдеттегідей камераға жазылған түнгі бейнежазбаларды тексерген.
12:51 24.08.2019
Сол сәтте қонақ бөлмеде жүгіріп жүрген баланы байқап қалған. Алайда, оның отбасында ешқашан кішкентай бала болмаған. Бірнеше уақыт бұрын Джоуи желідегі қолданушыларына бұл жазбаны көрсетпекші болып, парақшасында бөліскен. Ол бұл видеоның 2019 жылы тамыздың басында түсірілгенін айтады. Бейнежазбада қонақ бөлмесі мен баспалдақтарды көрсетеді.
Джоу бірнеше уақыт бойы оқиғаның байыбына бара алмаған. Ол архивтерді көтеріп, үйде біреу өліп қалмады ма деп тексерген. Әсіресе бала өлімі болды ма деп жіті қадағалапты. Сонымен қатар, бұл оқиға орын алған күндерге қатысты тылсым бір жағдай болды ма деп тексерген. Бірақ видео желіде тарағаннан кейін бұған қатысты жұрт әртүрлі пікір білдірген.
"Бұл мысықпен ойнаған кішкентай ұлға ұқсайды", "Мысықтың болып жатқан оқиғаға мән бермегені таңқалдырып тұр", "Бұл жай ғана шаң", - деп пікір білдірді желідегілер.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram