2019 жылы магистратураға түскен грант иелерінің тізімі жарияланды
Магистратураға мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды.
18:57 24.08.2019
Бұл туралы Facebook желісінде Ұлттық тестілеу орталығы директоры міндетін атқарушы Дидар Смағұлов хабарлады. Нәтижелерді Ұлттық тестілеу орталығы сайтында немесе Konkurs_magistra_2019 telegram-боты арқылы тексеруге болады.
"Грантты компьютер бөледі, бірақ мұның маңызын түсіне отырып, әр тізімдемені қайта тексеріп шықтық, ал бұл – 12 000-нан астам жазба. Өйткені біздің орталық талапкерлердің құқығын бірінші орынға қояды", - деп жазды Дидар Смағұлов.
Ұлттық тестілеу орталығы өкілінің айтуынша, биыл 9 701 грант таратылды. Бірінші кезеңнен артылған гранттар сұранысқа ие мамандықтар бойынша үлестіріліпті. Ал 3 108 грант бюджетке қайтарылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары