{metadescription}
Мейірім Нұрсұлтанов он екінші рет жеңіске жетті

Мейірім Нұрсұлтанов он екінші рет жеңіске жетті

Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (11-0, 8 КО) кәсіпқой рингтегі он екінші жекпе-жегін өткізді.

Ол Ресейдің Челябинск қаласында, WBO белбеуіне таласқан боксшылар Сергей Ковалев – Энтони Ярд айқасының андеркартында өнер көрсеткен болатын. Мейірім Нұрсұлтанов ресейлік Артур Осиповпен (15-1, 10 КО) кездесу өткізді. Он раундқа шақталған орта салмақтағы айқас Мейірімнің жеңісімен аяқталды. Әділқазы бірауыздан осылай деп шешті.

26 жастағы Нұрсұлтанов спорттық мансабында 11 кездесу өткізіп, барлығында да жеңіске жетті. Сегіз кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады. 30 жастағы Осипов болса осымен екінші рет жеңілді, ол 15 рет (10 нокаут) жеңіске жеткен.

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде