Алматы облысында ауруханаға келген әйел шу шығарды
Алматы облысындағы аурухана ғимаратында медициналық қызметкер мен қаралушы сөзге келіп қалды.
15:50 26.08.2019
Аталған жағдайдың видеосы әлеуметтік желіде тарады. Оқыс жағдай Қарасай аудандық ауруханасында болған. Қаралуға келген әйел аурухананың қызметкеріне дауыс көтеріп сөйлейді. Сондай-ақ, ол тынышталуды өтінген тағы бір медицина қызметкеріне ұрысып тастайды.
«Маған «тынышталыңыз» деме. Егер бұл сенің туысың болса, бәрін орнынан тік тұрғызатын едің. Сенімді болыңдар. Өздеріңнің жұмыстарыңды істеңдер», - деп дауыс көтерді әйел.
Әзірге кикілжіңнің неден шыққаны белгісіз.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!