Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Найзағай, бұршақ, тұман: Екі облыста күн бұзылады
Ауа райының бұзылуына байланысты синоптиктер екі өңірде ескерту жариялады.
18:44 10.09.2019
11 қыркүйек күндіз Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде нөсер жаңбыр жауып, 12 қыркүйек түнде кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, дымқыл қар) болады. Кей жерлерде тұман түсіп, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ жауады.
Батыстан және солтүстік-батыстан соққан желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. 11 қыркүйекте Өскемен қаласында күн күркіреп, күндіз бұршақ жауады. Күндіз батыстан және солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Осы күні Семей қаласында найзағай жарқылдап, күндіз бұршақ жауады.
Күндіз батыстан және солтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. 11 қыркүйек күндіз Қызылорда облысында cолтүстіктен және солтүстік-шығыстан соққан желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с болады.
Дереккөз: Қазгидромет
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram