Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қазалыда жергілікті тұрғынды 7 адам жабылып соққыға жықты
Қызылорда облысы Қазалы ауданының орталығы - Әйтеке би кентінде 39 жастағы жергілікті тұрғынды 7 адам ұрып-соғып, оның басқаруындағы көлікке елеулі зиян келтірді.
10:36 12.09.2019
Бұл оқиға кешкілік уақытта орын алған. Белгісіз азаматтар автокөлік басқарып келе жатқанын 39 жастағы кент тұрғынын тоқтатып, оны ұрып-соғып кеткен. Көлік терезесін сындырып, бұзақылық жасаған. Тәртіп сақшылары жедел іс-шаралар жүргізді. Нәтижесінде аталған дерек бойынша 7 күдікті адам анықталды. Олардың жас шамасы 21-27 жас аралығында.
«Қазіргі таңда сараптамалар тағайындалды, мән-жайлар анықталуда. Бұзақылық дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігімен (бұзақылық) сотқа дейінгі тергеп тексеру жүргізілуде», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram