{metadescription}
Павлодар облысында бұқасын іздеп кеткен тұрғынның денесі ауыл шетінен табылды

Павлодар облысында бұқасын іздеп кеткен тұрғынның денесі ауыл шетінен табылды

Ер адамның денесі ұлы ауылдың шетінен тапқан.

Павлодар облысында бұқа өзінің 62 жастағы иесін сүзіп өлтірді. Жазатайым оқиға 11 қыркүйекте, сәрсенбі болған. Таңғы сағат сегіздер шамасында жемдеуге қойған бұқа босап кетіп, ауылдың табынына қосылу үшін түзге тартады. Малдың иесі бұқаны қайтару үшін малдың артынан жүгіріп кеткен. Бірақ кейін бұқаның ер адамға тап беріп, оны сүзіп өлтіргені белгілі болды.

62-жастағы тұрғынды ұлы ауылдың шетінен тауып алған. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдарының қызметкерлері бұл фактіні тіркеуге алып, тиісті сараптамалар тағайындады.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.