Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қарағандыда тергеу изоляторында отырған күдікті асылып қалды
Қарағанды облысы Абай ауданындағы оқшаулау камерасында қылмысқа күдікті асылып өлді.
10:37 18.09.2019
Оқиға Абай ауданы Топар ауылының полиция бөлімінде болған. Ер адам Қылмыстық кодекстің 106-бабы «қасақана ауыр дене жарақатын жасау» бойынша қылмыс жасады деген күдікпен ұсталып, полиция бөліміне жеткізілгені белгілі. Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады.
«Шынында, Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі «Өзін-өзі өлтірген жәбірленушінің өліміне әкеп соққан қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша ұсталған күдіктінің өлімі сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде «Өз-өзіне қол жұмсау» деп тіркелді», - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Жанатай Сембеков.
Сондай-ақ ішкі тергеу жүргізілуде, нәтижесінде төтенше жағдайға жол берген полиция қызметкерлері қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram