Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Бейбіт Атамқұлов индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып тағайындалды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жаңа басшы тағайындады.
08:09 19.09.2019
Бұл қызметке сыртқы істер министрі болған Бейбіт Атамқұлов келді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып тағайындалсын, ол ҚР сыртқы істер министрі қызметінен босатылсын», - делінеді хабарламада.
Сондай-ақ, президент аталған министрліктің басшысы болған Роман Склярды қызметінен босатып, оны премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындады.
«Роман Васильевич Скляр ҚР премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалсын, ол ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі қызметінен босатылсын», - делінеді Ақорда хабарламасында.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram