{metadescription}
Ауыр атлет Игорь Сон әлем чемпионатында күміс медаль алды

Ауыр атлет Игорь Сон әлем чемпионатында күміс медаль алды

Бүгін Таиландтың Паттайя қаласында ауыр атлетикадан өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Игорь Сон ел қоржынына алғашқы медальді салды.

55 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Игорь Сон біріншіліктің күміс жүлдегері атанды. Ол қоссайыс нәтижесі бойынша 266 (120+146) келіні бағындырды. Осы салмақта сынға түскен тағы бір отандасымыз Арлей Чонти қоссайыс қорытындысы бойынша (118 + 145) 263 келіні бағындырып, бесінші орынға табан тіреді.

Бұл салмақта бас жүлдені қоссайыс қорытындысы бойынша 294 (128 + 166) келіні еңсерген Солтүстік Корея өкілі Ом Юн Чхоль жеңіп алса, үздік үшітікті 265 (118 + 147) келіні еңсерген ирандық Абдулрахим әл Салима түйіндеді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде