Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Жүкті қалыңдық өз тойына бара жатып көз жұмды
Бразилияда қалыңдық өз тойына бара жатып көз жұмды.
12:29 19.09.2019
30 жастағы Джессика Гуедес шіркеуге лимузинмен бара жатқан. Алайда көліктің ішінде аяғы ауыр қалыңдық өзін жағымсыз сезініпті. Оның басы айналып, мойны ауырған. Джессика есінен танып қалыпты. Оның туыстары қалыңдық шаршады деп ойлаған. Себебі, бірнеше ай бойы тойға қызу дайындық жүрген. Оның бала көтергеніне алты ай болыпты. 31 жастағы күйеу жігіт Джессика Гуедесті шіркеуде күткен. Лимузин шіркеуге жеткенде, көліктен қалыңдықтың туыстары айқайлап атып шығып, көмек сұрапты.
Күйеу жігіт лимузинге барғанда Гуедес есін жиған. Ол жағдайы жақсы екенін, тек арқасы мен мойны ауырып тұрғанын айтады. Гонсалвез сүйіктісін лимузиннен алып шығып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Артынша қалыңдықты Сан-Паулудың орталығындағы перзентханаға алып барыпты. Алайда артынша жағдайдың ауырлығын ескеріп, оны жекеменшік перзентханаға ауыстырған.
Дәрігерлердің сөзінше, әйел инсульт алған. Дәрігерлер 29 апталық нәрестені құтқару үшін әйелге кесар тілігін жасаған. Нәтижесінде салмағы 930 келі болатын қыз дүниеге келді. Алайда жас ана операциядан соң көз жұмған. Қазіргі таңда дәрігерлер сәбидің денсаулығын бақылап отыр. Олар нәрестенің екі ай ауруханада болатынын айтады.
Джессика Гуедестің жігіті болған жағдайға сенбейтінін жеткізді. Ал қалыңдықтың отбасы қыздарының соңғы тілегін орындады. Джессика донор болғысы келетінін айтқан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram