Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалды
Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысының әкімі қызметіне тағайындалды.
08:23 20.09.2019
"Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметінен босатылсын", - делінген Ақорда хабарламасында.
Жеңіс Қасымбек 1975 жылы 7 мамырда Жамбыл облысы Шу қаласында дүниеге келді. 1997 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын архитектор-дизайн мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1997 жылы Алматыдағы "Темірбанк" ашық акционерлер қоғамында бас банкир қызметінен бастаған. Әр жылдары ҚР көлік және коммуникация вице-министрі, ҚР көлік және коммуникация министрі, 2019 жылдың 25 ақпанынан бастап ҚР премьер-министр министрінің орынбасары қызметін атқарды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары