Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қазақстандық боксшы әлем чемпионатында алтын алды
Қазақстандық боксшы Бекзат Нұрдәулетов Ресейдің Екатеринбург қаласында өткен 2019 жылғы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.
09:55 22.09.2019
Финалда 81 килограмға дейінгі салмақ дәрежесінде Нұрдәулетовтің қарсыласы өзбекстандық 20 жастағы Дилшодбек Рузметов болды. Екі боксшы үшін де бұл - әлем чемпионаты карьераларындағы дебют.
Әлем чемпионаты-2019 кезінде финалға шыққанға дейін Нұрдәулетов оңтүстіккореялық Хонга Инги, венесуэлалық Корбай Баррера, бразилиялық Кено Мачадо, түрік Байрам Малкан және олимпиада чемпионы Хулио Сезар ла Крусты жеңді.
Қазақстандық Мачадодан басқасының бәрін нокдаунға жіберді. 21 жастағы Нұрдәулетов 20 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасынан бірінші болып шықты. Әзірге ақтаулық боксшының қанжығасында 2016 жылғы жастар чемпионатында алған қола бар. Мұнымен қатар, 2009 жылдан бастап 81 килограмға дейінгі салмақтағы алғашқы чемпион.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram