{metadescription}
Алматыда футбол жанкүйерлері жаппай төбелес шығарды

Алматыда футбол жанкүйерлері жаппай төбелес шығарды

«Қайрат» және «Ақтөбе» футбол клубтарының жанкүйерлері матчтан кейін Алматының дәл ортасында жаппай төбелес шығарды.

Төбелестің видеосы батысқазақстандық клубтың Instagram желісіндегі парақшасында жарияланды. Оқиға 5 қазан күні 6:0 есебімен алматылықтардың жеңісімен аяқталған ойыннан кейін болған. Қаланың полиция департаменті аталмыш оқиғаға қатысты пікір білдірді.

«Футбол матчындағы қоғамдық тәртіпті қадағалауға жауапты болған полиция қызметкерлері Байтұрсынов көшесінде жас жігіттердің арасында болған төбелеске жылдам араласып кетті. Тәртіп сақшыларының келе жатқанын көрген жігіттер бірден тарап кетті. Дене жарақаты туралы шағыммен полицияға ешкім келген жоқ», - деп мәлім етті полицияда.

Айта кету керек, алматылық «Қайрат» футбол клубы Қазақстанның Премьер-лигасының 29-шы кезеңінде «Ақтөбе» командасын тас-талқан еткен еді.

Дереккөз: ҚазАқпарат
 

Кеше

13 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде