{metadescription}
Мамандар аяқ-қолы мұздaй болып жүретіндерді сақ болуға шақырды

Мамандар аяқ-қолы мұздaй болып жүретіндерді сақ болуға шақырды

Мамандар қол-аяқтың үнемі мұздап жүруі қауіпті аурулардың белгісі болуы мүмкін екенін айтады.

Бұл туралы Рамблер сайты жазады. Бұл қан аздықтың белгісі болып табылады. Яғни ауаны "тасымалдайтын" қанның қызыл түйіршіктері жетіспейді. Ал қан аздық кезінде адам жұмыс істеу қабілеті төмендеп, физиологиялық және психологиялық дамуына кері әсер етеді. Егер қан аздықтан емделмесе бұл созылмалы ауруға айналып кетуі мүмкін. 

Қолдың үнемі тастай болып жүруі қанның құрамындағы қанттың төмендеп кеткенінің де белгісі болуы мүмкін. Егер де әлсіреп, үнемі шөл қысып, дәретханаға жиі бара берсеңіз, дәрігерге барып қант диабетіне тексеруін сұраңыз. Қолдарыңыздың суық болуы қан ұюының да белгісі болуы мүмкін, яғни артерия мен тамырлар қою қанның ұйып қалуынан бітеліп қалуынан саусақтарыңыз ауырып, әрең жылынады.  

Аяқ-қолдың сұп-суық болып жүруі Рейно атты қауіпті аурудың белгісі болуы мүмік. Ол ұсақ артериялардың зақымдануынан адамның қолдары көгеріп, мұздай болып жүреді. Сонымен қатар суық қолдар ол қан айналымы мен қан қысымының дұрыс болмауының белгісі.

Дереккөз: Baq.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.