{metadescription}
Қазақстандық және ресейлік хоккейшілер мұзда төбелесті

Қазақстандық және ресейлік хоккейшілер мұзда төбелесті

Өскемендік «Алтай» және Новосібірдің «Сибирские снайперы» хоккей командаларының арасында жаппай төбелес болды.

Ойын кезінде Қазақстан және Ресей хоккейшілерінің жаппай төбелесі болды. Матч видеосы Жастар хоккей лигасының (МХЛ) Youtube каналында жарияланған. Төбелеске екі команданың барлық ойыншысы қатысқан.

Бастапқыда қазақстандық Никита Волосенков пен ресейлік Никита Ефремов ойынның ақтық минутында төбелесіп қалды. Бұл кезде «Алтай» командасы 2:1 есебімен алда келе жатқан еді. Төрешілер оларға жаза тағайындап жатқан уақытта өзге де хоккейшілер төбелесе жөнелді. 

Сегіз хоккейшіге (әр клубтан төртеу) айыппұл салынды. Сондай-ақ, ойын соңына дейін тәртіптік айыппұл болды. Барлығы матч кезінде екі команда айыппұл ретінде 258 минут алды (124 алаң иелері және 134 минут қонақтарда).

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.