{metadescription}
Александр Винокуров Ironman Әлем чемпионатында жеңіске жетті

Александр Винокуров Ironman Әлем чемпионатында жеңіске жетті

Олимпиада чемпионы Александр Винокуров Конада (Гавай, АҚШ) өткен Әлем чемпионатында өз жас категориясында жеңімпаз атанды.

Винокуров 45-49 жас санатында өнер көрсетті. Бірінші кезеңдегі 3,8 шақырымға жүзу тапсырмасын 1:09:06 секундта орындап шықты. Велокезеңнің алдында ол 150 үздік спортшының қатарында болған еді. Велосынақта Винокуров алдыңғы орынға шығып, 180 шақырымды 4:21:06 секундта бағындырды. Жүгіру дистанциясында спортшы көшбасшылықты сақтап, өз категориясында алғашқы болып мәреге жетті.

Осылайша, ол үздіктер қатарында қала берді. Спортшы Ironman-нің толық қашықтығын 8:48:24 секундта бағындырып, жеңімпаз атанды. Ал барлық қатысушылардың арасында Винокуров 43-ші болды.


 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде