{metadescription}
Қазақстандық футболшы жол-көлік апатына түсіп, әкесі мен ұлынан айырылды

Қазақстандық футболшы жол-көлік апатына түсіп, әкесі мен ұлынан айырылды

Қазақстандық «Семей», «Энергетик», «Қазақмыс», «Ақжайық», «Шығыс» және «Атырау» футбол командаларының бұрынғы қақпашысы Илья Бәйтеряков отбасымен бірге ауыл жол апатына ұшырады.

Бұл туралы танымал футбол журналист Айдын Қожахмет Telegram-арнасында мәлімдеді. Апат салдарынан бірқатар қазақстандық командалардың бұрынғы қақпашысының әкесі мен кіші ұлы қаза тапты.

«Илья өзі басқарған автокөлік Семей-Өскемен трассасында аударылып қалды. 35 жастағы экс-футболшының кіші ұлы мен әкесі бірден көз жұмды. Илья мен оның үлкен ұлы ауыр жағдайда. Илья ес-түссіз жатыр», - деп жазады Қожахмет.

Оның айтуынша, Илья Байтеряков комада. Апат кезінде футболшының анасы мен әйелі де зардап шеккен. Илья Бәйтеряков өз карьерасында Қазақстанның жоғары лигасында 45 ойын көрсеткен.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.