{metadescription}
0:000:00

Футбол жанкүйерлері мінген пойыз өртеніп кетті

Берлинде ұзақ қашықтыққа жүретін пойыз өртке оранып үш адам зардап шекті.

Оқыс оқиға Берлиннің орталығындағы «Бельвю» станциясында болған. Белгілі болғандай, өрт пойыздың алдыңғы жағынан басталған. Жанкүйерлерді тасымалдау үшін қала билігі арнайы пойыз бөлген. Теміржол көлігінде жеті жүзге жуық адам болған.

«Пойыздың вагоны қатты зақымданған. Үш адам жарақат алды», - дейді құтқарушылар.

Berliner Morgenpost газетінің жазуынша, «Фрайбург» футбол клубының жанкүйерлері мінген вагон өртенген. Құтқарушылар тілсіз жаудың себептерін анықтап жатыр.Болжам бойынша, өртке техникалық ақау себеп болды. Куәгерлердің айтуынша, олар пойызға отыра бастағанда, біртүрлі иіс шығып тұрғанын сезген. Уақыт өте иіс одан әрі күшейген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.