{metadescription}
Жұмағұловтың Багаутиновпен жекпе-жегінен кейін жаппай төбелес болды

Жұмағұловтың Багаутиновпен жекпе-жегінен кейін жаппай төбелес болды

Жалғас Жұмағұлов - Али Багаутинов жекпе-жегі жаппай төбелеспен аяқталды. 

Оқиға 19 қазанда Сочиде өткен Fight Nights Global 95 турнирінде қазақстандық Жалғас Жұмағұлов пен ресейлік Али Багаутинов арасындағы кездесуден соң болған.  Жекпе-жек біткеннен кейін Багаутинов пен Жұмағұлов командаларының өкілдері арасында жаппай төбелес болды. 

"Жекпе-жек Жұмағұловтың жеңісімен аяқталды, төрешілердің шешімі осындай болды. Багаутинов осы шешімге наразылық білдірмек болды, бірақ қос команданың спортшылары бір-біріне жұдырық ала жүгіруден басқа ештеңеге алып келмеді", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 31 жастағы қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов 19 қазанда Сочиде өткен Fight Nights Global 95 турнирінде 34 жастағы ресейлік Али Багаутиновты жеңіп, чемпиондық титулын қорғап қалды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.