{metadescription}
Баласының төсегінен елес көрген әйел шошып кетті

Баласының төсегінен елес көрген әйел шошып кетті

АҚШ-тың Иллинойс штатында тұратын әйел кішкентай ұлының төсегінен «елес баланы» көргенін айтты.

Әйел Facebook-тегі парақшасында қорқынышты түн туралы жазба қалдырды. Иллинойс штатының тұрғыны баланың бөлмесін видеожазбадан көріп, қорқып кеткенін хабарлады. Кадрдан нәрестенің қасында жатқан елес сәбидің бет-әлпеті айқын көрінген.

Әйелдің сөзінше, ол мұндай көріністен кейін түні бойы ұйықтай алмаған. Қолыма шам ұстап, баламның бөлмесіне кірмек болдым, дейді ол. Алайда оған батылы бармапты.

Дегенмен балалар бөлмесіне тек таңертең кіруді ұйғарады, сол кезде ғана ол бұл матрацтағы жарнама жапсырмасы екенін түсінді. Баланың әкесі матрацқапты кигізуді ұмытып кетіп, баланың суреті төсек жаймасы арқылы жарқырап көрінген. Өз кезегінде желі қолданушыларының дені баласының жанындағы елесті көре тұра, оның жанына бармай, таңға дейін күткен әйелді сынады. 

 

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.