{metadescription}
Алматы автобустарына Face Pay төлем жүйесі қашан енгізіледі

Алматы автобустарына Face Pay төлем жүйесі қашан енгізіледі

Бұл сұраққа Алматы қалалық мобильділік басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Әділов жауап берді.

Баспасөз мәслихатында, Ерлан Әділов Face pay биометриялық мәліметтер арқылы жолақы төлеу жүйесіне қатысты сұраққа жауап берді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Face Pay туралы әзірге білмейміз, қазір «Алматы көлік холдингінің» директоры іссапарда. Дәл осы жаңа инновацияларды енгізу бойынша жұмыс сапарында жүр. Жақын арада біз осы жаңашылдыққа қатысты толық ақпарат береміз. Әртүрлі банктермен келіссөз жүріп жатыр, несие карточкасымен төлем жасау мәселесі пысықталуда», - деді Алматы қалалық мобильділік басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Әділов.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.