Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Жүк көлігінен елге заңсыз кірген 15 адам табылды
Эссекстегі оқиғадан бірнеше апта уақыт өткен соң Британияда жүк көлігінен 15 адам табылды.
11:23 08.11.2019
«Англияның оңтүстік батысында жүк көлігінен табылған 15 адам мемлекетке заңсыз кірді деген күдікпен қамауға алынды», - деп жазады басылым.
Автордың айтуынша, жүк көлігінің жүргізушісі, 50 жастағы Ирландия азаматы да оларға көмек көрсеткені үшін қамауға алынды. Полицияның хабарлауынша, жүк көлігінен табылған 16 мен 30 жос аралығындағы ер адамдардың қай мемлекет азаматтары екені әлі белгісіз.
Бұл оқиға Эссексте жүк көлігінен 39 адамның денесі табылғаннан кейін бірнеше аптадан соң болып отыр. Осы аптада Вьетнам полициясы оқиғаға орай сегіз адамды қамауға алғанын хабарлаған еді. Сонымен қатар жүк көлігінің жүргізушісі, 25 жастағы Мо Робинсон өткен айда сот алдында жауап берді.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram