{metadescription}
Желтоқсаннан бастап пойыз бағыттары өзгереді

Желтоқсаннан бастап пойыз бағыттары өзгереді

"Жолаушылар тасымалы" АҚ-ы пойыздардың жаңа жүру кестесінің енгізілуіне байланысты 8 желтоқсаннан бастап кейбір бағыттар өзгереді.

Бұл туралы "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз орталығы хабарлады. 

1) - №375/376 "Нұр-Сұлтан – Риддер" бағыты бойынша жүретін пойыздың жол жүру қашықтығы қысқартылып, ол облыс орталығы Өскемен-1 стансасына дейін ғана қатынайды;

- №85/86 "Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол - Сарыағаш" пойызы енді ескі вокзал кешенінен жүріп, бұл бағыт "Нұр-Сұлтан-1 - Сарыағаш" деп өзгереді;

- сол сияқты №673/674 "Павлодар – Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол" бағыты бойынша жүретін пойыз енді "Павлодар - Нур-Султан-1" бағыты бойынша қатынайды;

2) Күн ара жүретін №712/711 "Нұр-Сұлтан – Шымкент" жолаушылар пойызы енді күнде жүретін болады;

Сонымен қатар, алты жолаушылар пойыздарының нөмірі өзгереді:

1) "Жолаушылар тасымалы" АҚ-на қарасты:

- № 153/154 "Нұр-Сұлтан- Семей" енді № 353/354 пойызы болып өзгереді;

- № 375/376 "Нұр-Сұлтан-Өскемен-1" енді № 67/68;

- № 377/378 "Алматы-Маңғыстау" енді №77/78;

2) Жеке тасымалдаушылар:

- № 312/311 "Нұр-Сұлтан- Семей" енді №121/122 ("Арай транс kz" ЖШС-ке қарасты);

- № 307/308/ "Нұр-Сұлтан- Жезказған" енді №107/108 ( "Марал Нұр" ЖШС);

- № 617/618 "Қызылорда-Нұр-Сұлтан" енді №117/118 ("Марал Нұр" ЖШС).

Ұлттық тасымалдаушы барлық сұрақтар бойынша Бірыңғай анықтама қызметі "105" нөміріне хабарласуларыңызды сұрайды (стационарлық телефоннан қоңырау тегін).

Дереккөз: Baq.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.