{metadescription}
Алматы - Бішкек тасжолында көлік апатынан бір адам мерт болды

Алматы - Бішкек тасжолында көлік апатынан бір адам мерт болды

Алматы-Бішкек тас жолында үш көліктің соқтығысуынан бір адам мерт болып, 8 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Көлік апаты бүгін таңертең Алматы-Бішкек тасжолының 94-шақырымында болған. Аталған факті бойынша соталды тергеу басталды.

««Тойота Естима», «Ниссан максима» және «Хюндай Старекс» көліктері соқтығысқан. Апатқа не себеп болғаны тергеу барысында анықталады. Тергеу ҚР ҚК 345-бабының 3-тармағына сәйкес жүріп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды», - деп мәлімдеді Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Қазір оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр. Ал көлік апатынан зардап шеккендер - Жамбыл, Түркістан және Алматы облысының тұрғындары. Жас ерекшеліктері 21-34 жас аралығында. Олардың барлығы Ұзынағаш ауылындағы ауруханаға жеткізілген. Ал көлік апатынан мерт болған әйел адамның кім екені әзірге анықталмады. Алматы облысының полицейлері көлік жүргізушілерге жолда абай болуды қатаң ескертеді.

«Көлік дөңгелектерін қыстық автошинаға ауыстыру керек. Кей жерде қар жоқ деп тәуекелге бел буып, жолға шығып кетуге болмайды. Ауа райы күрт өзгеруі мүмкін. Сондықтан адам өміріне бейжай қарамауды ескертеміз», - деп толықтырды облыстың полицейлері.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.