{metadescription}
Атыстан 4 адам мерт болып, оны жарақаттанды

Атыстан 4 адам мерт болып, оны жарақаттанды

Фресно қаласында (Калифорния штатында) болған атыстан 10 шақты адам жарақат алып, төртеуі қаза тапты.

Бұған дейін NBC телекомпаниясы тоғыз адамның жарақат алғандығы туралы мәлім еткен еді. Оның хабарлауынша, жексенбі күні кешке шабуылдаушылар жер үйге басып кіріп, теледидардан футбол ойынын көріп отырған үй иесі мен оның достарына оқ жаудырған.

Агенттік мәлімдегендей, үйдің ауласынан үш адамның мәйіті табылған. Жарақат алған жетеуі ауруханаға жеткізілді. Оның біреуі көз жұмды. Полиция тергеу жұмыстарын жүргізуде, атыстың себептерін анықтап жатыр.

Дереккөз: ҚазАқпарат


 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде