Елордада 0-4 сынып оқушыларына сабақ болмайды
Елордада 0-4 сынып оқушылары үшін сабақтар тоқтатылды.
08:00 19.11.2019
«19 қараша күні ауа райының колайсыздығына байланысты (қатты жел мен көру мүмкіндігінің төмендеуі) қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-4 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды», - деп мәлім етті қалалық Білім басқармасынан.
Еске салайық, бүгін Нұр-Сұлтан қаласында желдің жылдамдығы 18 м/с дейін артатыны ескертілген болатын. Осы уақытта температура бағамы -13 градусты көрсетіп тұр. Сезілуі -29 градус.
Еске сала кетейік, ғалымдар жеуге болатын ыдыс ойлап тапқанын жазған болатынбыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!