{metadescription}
SPA салонның төбесінен алып жылан құлап түсті

SPA салонның төбесінен алып жылан құлап түсті

3 жыл бұрын жөндеу жұмыстарын жүргізген қызметкерлер "құбыжық" көргенін айтқан.

Қытайда SPA салонның төбесінен ұзындығы 4 метр, ал салмағы 19 келі болатын алып жылан құлап түсті. Абырой болғанда жылан келушілердің басына құлап түспеген. Жорғалаушы жылан төбеде 10 жыл өмір сүрген екен. Салон қожайыны жыланды көріп шошып кетіп, бірден полиция шақыртқан.  Полиция қызметкерлері 5 минуттың ішінде "шақырылмаған қонақты" ұстап алып, зообаққа өткізген.

Daily Mail-дың хабарлауынша, оқиға 12 қараша күні Фошань қаласында болған. Жылан төбеден құлап түскенін сол салонның қызметкері көрген. Зардап шеккендер жоқ. Ең қызығы, жыланның ойын-сауық орталығына қалай кіргені белгісіз. Салон қожайыны ғимаратта жылан барын осыдан он жыл бұрын естігенін айтады. Ал 3 жыл бұрын жөндеу жұмыстарын жүргізген қызметкерлер "құбыжық" көргенін айтқан. Зоологтардың айтуы бойынша, жылан сол төбеде өмір сүріп, тышқандармен қоректенген. (жыландар шамамен 20-25 жыл өмір сүреді).

Дереккөз: baq.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.