Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ұлыбритандық ер азамат педофилді ұстауға көмектескен
Ұлыбританияның Кингстон-апон-Халл қаласының тұрғыны қателіктер орын алып, бостандыққа шығып кеткен педофилді ұстауға көмектесті.
13:02 21.11.2019
Балаларға қарсы зорлық әрекетін жасаған Валериус Гордиджс есімді қылмыскер 18 қараша күні белгісіз себептермен ботсандыққа шығып кеткен көрінеді. Артынша 46 жастағы бұл азаматқа іздеу салыныпты. Полиция қызметкерлері тұрғындардан қылмыскерді көрсе, оның жанына жоламай бірден тәртіп сақшыларына хабар беруді сұрапты. Келесі күні жергілікті тұрғындардың бірі Грэхем Лэмб автобусте кетіп бара жатқан шағында қылмыскерді оның көз астындағы тыртығын көріп, танып қояды.
«Мен Facebook желісінен педофилдің бостандықта жүрген туралы хабарды көрген болатынмын. Алдыма қарасам, қылмыскер маған қарама-қарсы отыр екен. Желідегі суретті көріп, оны бірден таныдым», - деді Лэмб.
Лэмб суретті автобус жүргізушісіне көрсетпекші болғанын біліп қойған қылмыскер қаша жөнелген. Оның бұл қылығына саспастан Грэхем Лэмб артынан қуып, бостандықта жүрген педофилді өз күшімен ұстап, полицияға хабар беріпті. Полиция оқиға орнына бірден жеткен көрінеді.
Тәртіп сақшылары қылмыскерді тұтқындаған соң қайсар ер азамат оның жанында тұрып селфи жасапты. Лэмб педофилдің түрмеге қамалуының дұрыстығын, ендігәрі ол балаларға қарсы қылмыс орындай алмайтынына қуанышты екендігін қосты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram