Қостанай жолында қалған 40 тәжістандық құтқарылды
Басылымның мәліметінше, олар Екатеринбургтен қайтып бара жатқан.
16:12 21.11.2019
Қостанай облысының төтенше жағдайлар қызметі 40 тәжікстандықты аяздан құтқарып қалды. Басылымның мәліметінше, олар Екатеринбургтен қайтып бара жатқан. Тобыл станциясынан келе жатқан автобус аязда тұрып қалған. Қостанай облыстық ТЖД басшысы Талғат Кәкімовтің айтуынша, тәжікстандықтарды полицейлер мен құтқарушылар аман алып қалған.
"Қазіргі уақытта 40 жолаушы мен екі жүргізуші Лисаковскідегі техникалық колледждің жатақханасына орналастырылды. Автобус тоқтап қалған жерде арнайы техника жұмыс істеп жатыр", - деді облыстық ТЖД басшысы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!