Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Жол апатына түскен ер адамды өліміне көз жеткізбестен жерлеп тастаған
Гайанада жол апатына ұшыраған мотоциклшінің туыстары оның өліміне көз жеткізбестен жерлеп тастаған.
16:19 22.11.2019
Полицейлерге ер адамның денесін қабірден қазып алуға тура келді. 16 қарашада Рупунуни өңіріндегі шіркеу аумағында екі мотоцикл соқтығысқан. Салдарынан 25 жастағы Болдуин Уилсон ауыр жарақаттанып, куәгерлер ауруханаға жеткізіпті. Ал 31 жастағы Бен Агилардың туыстары оны жансыз жатқан жерінен бірден алып кеткен.
Оқиға орнына жеткен полицейлер мотоциклшінің денесін таппай, қайран қалды. Артынша Агилардың үйіне аттанған. Алайда отбасындағылар оны үйге әкелген бойда артқы аулаға жерлеп тастағандарын айтыпты. Себебі аталған өңірде қайтыс болған адамды бірден жерлейтін көрінеді.
Полицейлерге ер адамның денесін қазып алып, оын ауруханаға жеткізуге тура келді. Сол жердегі дәрігерлер мотоциклшінің өлімін растады. Алайда ер адамның өлімінің нақты себебін анықтау үшін, мәйітіне сараптама жасалатын болады. Әзірге дәрігерлер ер адамды жерлеген кезде тірі болған-болмағанын нақты айта алмай отыр.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram