{metadescription}
Нұр-Сұлтанда 23 жастағы мас жігіт таксистің көлігін тартып алып, адам қағып өлтірді

Нұр-Сұлтанда 23 жастағы мас жігіт таксистің көлігін тартып алып, адам қағып өлтірді

Апат салдарынан 48 жастағы әйел оқиға орнында жан тапсырды.

Нұр-Сұлтанда бөтен біреудің көлігін айдап кеткен жігіт екі адамды қақты.

"Таңғы сағат 06.52-де "Бизон" кафесінің жанында белгісіз ер адам таксисті ұрып-соғып, оның "Лада" автокөлігін теуіп кеткені туралы ақпарат түсті. Сағат 06.58-де аталған автокөлік Тәуелсіздік көшесінде жүргінші жолағымен жолдан өтпек болған екі адамды қақты. 23 жастағы күдікті қамауға алынды", - деп хабарлады полиция.

Ол мас күйде болған екен. Апат салдарынан 48 жастағы әйел оқиға орнында жан тапсырды. Көлік қаққан 2005-ші жылғы екінші жүргінші көптеген жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.