{metadescription}
Шымкентте жүргізуші жасөспірімді қағып өлтіріп, қашып кетті

Шымкентте жүргізуші жасөспірімді қағып өлтіріп, қашып кетті

Темірлан тас жолында екі жасөспірімді көлік қағып кетті, бірі алған жарақатынан көз жұмды, екіншісі жансақтау бөліміне түсті.

Шымкент қаласында көлік жүргізушісі екі жасөспірімді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен.

"2019 жылдың 4 желтоқсанында Шымкент қаласында Темірлан тас жолы бойында жүргізуші автокөлікпен кәмелетке толмаған екі жасөспірімді қағып кеткен.  Жол-көлік оқиғасының салдарынан оның біреуі алған жарақатынан көз жұмды, екіншісі түрлі жарақатпен Шымкент қаласының медициналық мекемесінің жан сақтау бөліміне жеткізілді", - деп хабарлады құқық қорғаушылар.

Осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы (көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) және 347-бабы (жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Шымкентте такси жүргізуші көлігінен секіріп түсіп, жолаушылардан қашып кетті

"Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасын жасаған көліктің маркасын және оның орналасқан жерін анықтады. Аталған автокөлік жүргізушісін ұстау бойынша жедел жұмыстар жүргізілуде", - делінген ресми хабарламада.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.