{metadescription}
Алматыда монша кешені өртенді

Алматыда монша кешені өртенді

Алматыда сағат 00.55 шамасында Нұр Алатау шағын ауданындағы "Литтл Таун" монша кешенінен өрт шықты.

Өрт сөндірушілердің әрекеті нәтижесінде оттың жақында орналасқан тұрғын үйге шабуы алдын алған. Келіп түскен ақпарат бойынша өрт аумағы 200 шаршы метрді құрапты.

"Өрт туралы хабар сағат 00:55 шамасында келіп түсті. Жоғары дәрежелі қауіпке байланысты жасақ құрылып, арнайы техника Бостандық ауданына жіберілді. Құтқарушылар келіп жеткенше "Литл таун" атты ағаштан тұрғызылған 2 қабатты ғимарат тұтас отқа оранған", - делінген қалалық ТД мәлімдемесінде. 

Өрт сөндірушілер тілсіз жаудың жеке секторлардағы тұрғын үйлерге таралуының алдын алды. Өрт 39 минутта оқшауланып, 02.45-те ауыздықталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, өрттің шарпыған алаңы 200 шаршы метрге жеткен. Қалалық ТЖД мен ПД-ның жеке құрамынан 60 адам, 15 дана техника жұмылдырылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.