{metadescription}
Анасының мәйітімен бір апта қамалып жатқан бала көз жұмды

Анасының мәйітімен бір апта қамалып жатқан бала көз жұмды

Ресейдің Можга қаласында жалғызбасты ана қайтыс болды.

ДЦП-ға шалдыққан баласы жанында қалған. Он үш жасар бала ұзақ уақыт бойы пәтерде анасының мәйітімен тұруға мәжбүр болды. Церебралды сал ауруынан бөлек бала эпилепсиямен ауырған. Сондықтан сөйлей алмады.

Куәгерлердің айтуынша, бала аш болған. Айқайлап, көмекке шақырыпты. Алайда көршілері пәтерден шыққан дауысқа мән бермеген. Өйткені бұл баланың әдеттегідей дауысы деп ойлаған. Бала ас үйге жетіп, су ішу үшін кранды ашқан. Алайда мүгедек арбасынан құлады. Бөлмені су басып кетті.

"Олардың пәтері 1-қабатта болатын. Сондықтан жертөлені су басқанын ешкім байқамады. Алдын ала мәліметке сәйкес, бала суық өтуінен көз жұмған", - деп жазады басылым.

Дереккөз: Sputnik

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде