Дмитрий Баландин АҚШ-тағы чемпионатта күміс алды
АҚШ-та жүзуден ашық чемпионат аяқталды. Қазақстан қоржыны тағы бір медальмен толықты.
15:14 09.12.2019
Қазақстан үшін жүлдені Дмитрий Баландин жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеті. Қазақстандық спортшы 200 метрге брасс әдісімен жүзуде 2:09.71 уақытын көрсетті. Бұл, турнирдің «күміс» медалін иеленуге мүмкіндік берді. Жеңімпаз спортшы – америкалық Коди Миллер болды (2:09.67). «Қоланы» оның отандасы Эндрю Уилсон иеленді (2:10.10).
Айта кетейік, осыған дейін Дмитрий Баландин АҚШ-тағы олимпиададан алтын алған болатын. Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин Атлантада жүзуден өтіп жатқан АҚШ ашық біріншілігінде жеңімпаз атанды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!