Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Баласын жерлеуге келген ер адам бейіт басынан тірі сәби тауып алған
Индияда ер адам өлі туған баласын жерлеу үшін келіп, жас сәбилі құтқарып қалған.
16:50 09.12.2019
Шұңқыр қазып жатып, ішінде жаңа туған қыз бала бар үлкен құмыра тауып алды. Жердің астында нәрестенің қанша болғаны және қалай тірі қалғаны әзірге белгісіз. Дәрігерлер шала туған бала екенін анықтады.
Жас сәбиді ауруханаға жеткізгенде салмағы жетіспей, денесі суынып, қандағы глюкоза төмендеп кеткен. Қазір салмағы 2,67 килограмм және денсаулығы жақсы. Өздігінен тыныс алады және күн сайын салмақ қосып келеді. Баланың ата-анасы әлі табылмады. Ендігі уақытта жас сәбиді асырау бөліміне жөнелтпек.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram