Жанартау атқылап жатыр: 5 адам қаза тапты
Жаңа Зеландияның Уайт-Айленд аралында жанартау атқылауы салдарынан кем дегенде бес адам мерт болды.
18:31 09.12.2019
Басылымның жазуынша, бес адамның мәйіті жанартаудың атқылауынан кейін табылған. Бірақ, олардың әлі кім екені әзірге анықталған жоқ.
«Көптеген адамдарды күйік шалған, олар ауруханаға жеткізілді», - деді комиссардың орынбасары.
Ол зардап шеккендер мен қаза тапқандардың арасында шетелдік азаматтардың да бар екенін атап өтті. Жанартау атқылау кезінде аралда 100-ге жуық адам болған, олардың біразы із-түзсіз жоғалып кеткен.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!