Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қостанай облысында 12 күн бұрын жоғалып кеткен оқушы табылды
Рудный қаласының полицейлері 28 қараша күні із-түзсіз жоғалып кеткен Денис Матвеевті бүгін тапты.
09:04 10.12.2019
Із-түзсіз жоғалып кеткен Рудный қаласында тұратын 13 жастағы оқушы табылды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті. Рудный қаласының полицейлері 28 қараша күні із-түзсіз жоғалып кеткен Денис Матвеевті бүгін тапты. Ол Рудный қаласындағы жақын маңдағы Юбилейный ауылында болған. Оның денсаулығы жақсы, қазіргі уақытта ата-анасына тапсырылды.
Рудный қалалық полиция басқармасының мәліметінше, Денис Матвеев бұған дейін де бірнеше мәрте үйінен кетіп қалған. Айта кетейік, баланы іздестіруге жедел топ құрылған. Еріктілермен бірлескен топ іздеу шараларын өткізді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram