Ақмолада із-түзсіз жоғалған 16 жасар қыз Алматыдан табылды
Ақмола облысының Целиноград ауданында жоғалған 16 жасар қыз Алматыдан табылды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
09:20 13.12.2019
Ведомствоның мәліметінше, 2019 жылдың 11 желтоқсанында Целиноград ауданындағы Софиевка ауылының 45 жастағы тұрғыны хабарласқан. Әйелдің айтуынша, желтоқсанның 11-інде түскі уақытта 16 жастағы қызы мектепке кетіп, содан үйіне қайтып оралмаған.
«Жедел іздестіру шаралары барысында криминалды полиция қызметкерлері және ювеналды полиция инспекторлары бір тәуліктің ішінде жасөспірімнің Алматы қаласы аумағында жүргенін анықтады. Белгілі болғандай, жасөспірім сол күні танысқан жас жігітке қонаққа барған. Қазіргі кезде жасөспіріммен профилактикалық жұмыс жүргізілді»,- дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!