{metadescription}
Батыс Қазақстанда кеніштен өрт шығып, вахта қалашығы отқа оранды

Батыс Қазақстанда кеніштен өрт шығып, вахта қалашығы отқа оранды

Бәйтерек ауданы аумағындағы Чинарев кенішінің тұрғын үй қалашығында өрт болды.

БҚО ТЖ департаменті азаматтық қорғау саласында апат қаупін төмендету және бақылау басқармасының бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Ерлан Төрегелдиевтің айтуынша, вахталық қалашықта бүгін таңғы сағат 05.46-да 13 вагон отқа оранған.

Чинарев кеніші жақын маңдағы өрт сөндіру бөлімінен 75 шақырым қашықтықта орналасқан. Өрт жөнінде 112 телефонына мемлекеттік емес өрт сөндіру қызметі – «Семсер – Өрт сөндіруші» ЖШС-дан үш сағаттан астам уақытқа кешігіп, 08.56-да хабарланған.

Оқиға орнына өрт сөндірушілермен бірге департаменттің өрт сынағы зертханасы қызметкерлері (8 адам, 2 техника), сондай-ақ полиция (2 адам, бір техника) дереу аттанды. Соңғы мәліметке қарағанда, «Saipem» компаниясына тиесілі вахталық қалашық жабылған. Тілсіз жау сағат 09.07-де оқшауланды. Алдын ала мәлімет бойынша өрт аумағы 300 шаршы метрді қамтыды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі, келген шығын, кінәлі адамдар анықталу үстінде.

«Өртті тез сөндіру үшін оны дер кезінде хабарлаудың маңызы зор», - дейді Е.Төрегелдиев.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.