Алматыдағы қардың қалыңдығы 50 сантиметрге жетті
Кеше түнде елордадан 25 394 текше метр қар шығарылды.
21:13 22.12.2019
Астанада қар қалың жауғандықтан, қаланың коммуналдық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеуде. 21 желтоқсанның түнгі ауысымына 938 техника бірлігі мен 264 жол жұмысшысы жұмылдырылып, қар тиелген жүк көліктері қала сыртына 2 116 рейс жасады. Жалпы, осы уақытқа дейін полигонға 79 545 рейс жасалып, елордадан 954 540 текше метр қар шығарылды.
Айта кетсек, бүгінгі күндізгі ауысымға 1142 техника бірлігі мен 1 799 жол жұмысшысы жұмылдырылды. Сондай-ақ Алматы қаласында да қалың қар түскен. Кеше түстен кейін бастап жауған қардың қалыңдығы 50 сантиметрге жетіп, мұндайды сирек көретін оңтүстік астана тұрғындары әбігерге түскен. Бүгін сағат 10.00-дегі көрсеткіш бойынша қар қалыңдығы 33 см болыпты. Алматы қаласын қардан тазартуға 551 техника бірлігі мен 356 жол жұмысшысы шыққан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!