{metadescription}
Қазақстанда алиментті баланың ата-әжесі төлеуі мүмкін

Қазақстанда алиментті баланың ата-әжесі төлеуі мүмкін

Балалардың әкесі алимент төлемесе, бұл алиментті немерелеріне ата-әжесінен өндіріп алу ұсынысы талқыланып жатыр.

Бұл туралы ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев мәлім етті.

«Шетелдік тәжірибені зерттеу кезінде Италияның өте бір қызықты тәжірибесіне тап болдық. Борышкер, яғни, бұрынғы күйеуі алимент төлемесе, Италияның заңы бойынша ол қарызды борышкердің ата-анасына төлетуге болады. Яғни, судья "ата-ана осындай жетесіз бала тәрбиелесе, онда оның қарызын төлеуге міндетті" деген шешім шығарады. Оның үстіне, ол бөтен бала емес, ол немере. Ал, ата-әже немерелерін қамтамасыз етуі керек», - деді Бекетаев мәжілістегі үкімет сағатында.

Осы орайда министр қазіргі кезде бұл тәжірибені жалпы қоғамда талқылау бастамасы жасалып отырғандығын атап өтті.

«Бұл тұрғыда қандай пікір болатынын білгіміз келеді. Кейбіреулер аталған тәжірибе дұрыс еместігін алға тартуда. Яғни, борышкер өзі жауап беруі тиіс, оның қарызын ата-анасы төлеуге міндетті еместігін айтуда. Дегенмен де Италияның тәжірибесі қызығушылық тудыруда. Сондықтан оны талқылаған дұрыс болады. Менің ойымша, тиісті заң жобасына осы норманы енгізу керек», - деді ведомство басшысы.

Сонымен қатар, тілшілер М. Бекетаевтан борышкердің ата-анасы зейнеткер болса, оларға бұл жауапкершіліктің жүктелуі мүмкіндігін сұрады.

«Егер ата-анасы зейнеткер болса, олардың мүлкі, яғни, пәтері, көлігі бар. Немерелері мектепке киетін киім таба алмай отырғанда, ата-әженің мүлкін пайдалануға болады»,- деді министр.


 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде